Мектеп тарихы
Асқаралы Алатау мен қазыналы қарт Қаратаудың бөктерінде орын тепкен Ақтөбе ауылындағы №25 Ақтөбе орта мектебінің өткені де өзінше бір шежіре. Мектеп тарихы сонау 1940 жылдары, 4 оқу бөлмесінен тұратын бастауыш мектеп болып ашылғаннан бастау алады. Бастапқы кезде мектепті Кандалова Лидия Ивановна басқарды. 1974 - 1992 жылдары Попова Галина Ивановна басшылық жұмыстарды жалғастырса, 1992 - 1996 жылдары Мадкрамова Айша сияқты білікті ұстаз тізгінді ұстады. 1996 - 1998 жылдары Бопақова Гүлмира Камалқызы игі істі ары қарай жалғастырды. 1998 жылы бала санының өсуіне байланысты бұрынғы балабақша ғимараты жөндеуден өткізіліп, 7 оқу кабинеті тағы қосылып, бастауыш мектеп орталау (негізгі) мектеп болды. Мектепте Айтбаева Базаркүл Қаленбайқызы басшылық етіп, мектеп толыққанды білім мен тәрбиенің бастауына айналды. 2000 жылы Ақтөбе орталау мектебі, 11 жылдық орта мектеп болып қайта құрылды.
